2019 жылдың 24-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская атындағы орденнің кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне 9-11 сыныптардың 208 оқушысы қатысты.
Қостанай облысынан осы жылы Арқалық, Қостанай, Рудный қалаларынан және Қарабалық, Меңдіқара, Әулиекөл және Науырзым аудандарынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатынан 10 қатысушы қатысты. Қатысушылар қазақ әдебиеті шығармалары, Қ. О. Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектері бойынша сайысқа түсті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары бір 1-ші орынды, бір 2-ші орынды және төрт 3-ші орынды иеленді.
№ |
Аты-жөні |
Өңір, мектеп |
Сынып |
Орын |
1 |
Қалтай Аяужан |
Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия |
9 |
1 |
2 |
Абдурахманова Гулжамал |
Рудный қаласы, №7 мектеп-гимназиясы |
10 |
2 |
3. |
Ержанова Жанар |
Қарабалық ауданы, М.Сералин атындағы орта мектебі |
11 |
3 |
4. |
Мешітбай Айым |
Қостанай қаласы, С.Мәуленов атындағы гимназия |
10 |
3 |
5. |
Сабыржан Жаңыл |
Науырзым ауданы, Жамбыл орта мектебі |
10 |
3 |
6. |
Пирназарова Лаура |
Рудный қаласы, №19 орта мектебі |
9 |
3 |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!