«Қазақстан – құқықтық мемлекет» мектепішілік викторинасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 қаңтарда «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ 8-9 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан – құқықтық мемлекет» көшпелі мектепішілік викторинасын өткізді. Зияткерлік сайысқа 40 оқушы қатысып, мемлекеттіліктің құқықтық негіздеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты өз білімдері мен түсініктерін жеткізді.
Викторина қорытындысы оқушылардың тақырыпқа байыпты қарайтынын және күрделі мәселелерді талқылауға және талдауға дайын екенін көрсетті.
Викторинаның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және білімге құштарлығы үшін алғыс айтамыз.