«Қашықтан оқыту форматы жағдайында сапалы қызмет көрсету жолдары» атты облыстық вебинары

     

      

     

     

    2022 жылдың 22 ақпанында «Қашықтан оқыту форматы жағдайында сапалы қызмет көрсету жолдары» атты облыстық вебинар өтті.

    Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының педагогтері бейнесабақтарды дайындау және оларды қашықтан оқыту кезінде пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

    Бастауыш сынып мұғалімі Аксауле Ерназымкызы Ерназымова мен ағылшын тілі мұғалімі Зауреш Кошкарбаевна Гилжанова бейнесабақтар жасауда қолданатын бейне бағдарламалары мен KineMaster және Movavi мүмкіндіктері туралы айтып берді.

    Ұсынылған жұмыс тәжірибесі үшін мектеп педагогтеріне алғысымызды білдіреміз!

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 7 өңірінен 32 педагог және әдіскер қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.