2019 жылғы 23 мамырда Е. Өмірзақова атындағыоблыстық филармонияда «Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығының аясында өткен «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы табыс етілді! Осы іс-шараны өткізудің бастамашысы «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры болды. Сыйлықтың негізгі міндеті-Қазақстанның ең үздік және танымал балалары мен балалар ұйымдарының сыйлықақысының әрбір номинациясы бойынша негізделген таңдауды, сондай-ақ оларды тану мен көтермелеуді жүзеге асыру. Дауыс беру 2019 жылғы 20 ақпан мен 20 сәуір аралығында үш кезеңде өткізілді, қазақстандықтар шын мәнінде жоғары деңгейде табысқа жеткен талантты және танымал балаларға белсенді дауыс берді. Барлығы 29 қазақстандық бала жеңімпаз және лауреат атанды. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Құрметті қонақтар ретінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Р. П. Шер, «Жас-Қанат» ЖШС директоры Қ. А. Маишев, параолимпиадалық ойындар чемпионы А. А. Колядин, еңбек сіңірген спорт шебері И. Ф. Дычко, «Тобыл» ФК ЖШС спорт директоры Н.Ж. Жұмасқалиев болды. Басты награда – «Жыл таңдауы» - «Голос» халықаралық вокалдық байқауында еліміздің атын асқақтататын Ержан Максимға табыс етілді. Қостанай облысының жеңімпаздары мен лауреаттары: «Жас зерттеуші» номинациясы (олимпиада, зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары, ғылыми жобалардың авторлары): Алдияр Амиров, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей -интернатының оқушысы. «Жас толағай» номинациясы (үздік спортшы): Аян Молдағалиев, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 15 орта мектебінің оқушысы және Смаилова Жансая, Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Боровской орта мектебінің оқушысы. «Жас суретші» номинациясы (үздік суретші): Валерия Радивилова, Рудный қаласы әкімдігінің Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушісі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!