«Qabilet» қызметі Әулиекөл ауданының 8-14 жас аралығындағы балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

    «Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 5 ақпанында Әулиекөл ауданының 8-14 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне қарашада «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің С.Баймагамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ мен «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Ш.Уалиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» КММ -нен 101 оқушы қатысты.

    «Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды. 8-14 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді.