«Qabilet» қызметі Қостанай ауданында балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

    «Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 3-4 наурызында Қостанай ауданының 8-14 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне қарашада «№1 Заречный жалпы білім мектебі» КММ, «Заречный мектеп-лицейі» КММ, «Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, «Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ, «Мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ мен «Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нен 418 оқушы қатысты.

    «Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды. 8-14 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді.