«Qabilet» - оқушылардың қабілеттіліктерін диагностикалау

    Қазіргі жаһандық еңбек нарығы адамдардан жаңа құзыреттерді талап етеді. Мамандардың зерттеулеріне сәйкес, болашақта мамандықтың болуы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дағдылар мен іскерліктердің болуы да маңызды болады. Сонымен қатар көптеген қабілеттер адамда ерте жаста қалыптасады, ал қазіргі білім мен технологиялар оларды анықтауға көмектеседі. Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған осындай құралдардың бірі – «Qabilet» жобасы.

    «Qabilet» жобасы зияткерлік әлеуетті, сондай-ақ белгілі бір ғылымдарды зерттеуге бейімділікті анықтауға бағытталған. Тестілеуден өткеннен кейін оқушы сыни және кеңістіктік ойлау дағдыларының қаншалықты дамығанын біледі, шығармашылық қабілеттері туралы ақпарат алады.

    2021 жылдан бастап Қостанай облысында «Qabilet» диагностикасы енгізілуде, соның арқасында 4К шеңберінде оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын құзыреттіліктері диагностикалануда. Осы уақыт ішінде Қостанай облысында 10-11 жастағы 7000-нан астам бала «Qabilet» диагностикасынан өтті. Ата-аналар балалардың дағдылары, қабілеттері және кәсіптік бағдарлау бағыты туралы ақпарат алды.

    14 қарашадан бастап «Qabilet» қызметінің қызметкерлері Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары үшін бірінші кезеңнің диагностикасын жүргізеді. 10 мектептен 550 оқушы өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға, болашақ мамандық бойынша негізгі мүдделерді анықтауға мүмкіндік алды. 21-25 қараша аралығында бұл диагностикадан Қостанай қаласы мектептерінің  800-ден астам оқушысы өте алады.

    Көп жағдайда оқушының ең айқын қабілеттерін бірінші болып мұғалім байқайды. Мұғалімнің дұрыс ұсынысы оқушының кәсіби болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан Қостанай облысының әрбір ынта біілдірген баласы осы қызметті тегін пайдалана алады және 4К шеңберінде дағдыларды дамытудың одан әрі жоспарын анықтау үшін «Qabilet» қызметінің психологынан кеңес ала отырып, қабілет нәтижелеріне жан-жақты талдау ала алады.