«Nauryz Art» конкурсының ІІ кезеңі

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының ауылдық жерлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Nauryz Art» балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары конкурсының І (іріктеу) кезеңін өткізді.

    Конкурстың іріктеу кезеңіне облыстың 14 ауданынан 97 жұмыс қатысып, оның ішінен 46 жұмыс ақтық кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңге өткен жұмыстар 2025 жылғы 11 наурызға дейін «Қостанай дарыны» ӨОӘО-ға Қостанай қаласы Гашек көшесі 1 мекен-жайы бойынша жіберілуі тиіс.

    Ақтық кезеңге өткен жұмыстардың тізімі білім бөлімдеріне жолданды.