«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың шығармашылық үдерісін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту» областық семинары

     

      

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 28 сәуірде ауыл мектептері директорларының орынбасарлары үшін on-line режимінде «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың шығармашылық үдерісін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту» семинарын өткізді.

    Қостанай қаласының № 21 жалпы білім беретін мектебінің педагогтері жұмыс тәжірибесін ұсынды. Семинарқатысушылары инклюзивті білім беру логопедиялық қызметті ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сабақтан тыс жұмыспен қамтамасыз ету, оқушыларға арналған маршруттық кітапшаларды, жұмыс дәптерлерін пайдалану сұрақтары бойыншажұмыс жүйесімен танысты.

    Жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін № 21 жалпы білім беретін мектептің ұжымына алғысымызды білдіреміз!