17 маусымда «Жайлау» сауықтыру-ойын-сауық кешені базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Дарын» жазғы бейіндік лагерінің ашылуы өтті. Лагерьге облыстық, аудандық және қалалық пән олимпиадаларының жүлдегерлері мен қатысушылары және математика, биология, география, информатика, химия, Қазақстан тарихы пәндері бойынша оқу озаттары қатысады.

Қатысушыларға жақсы демалыс пен табысты оқу тілейміз!