«Биология» және «География» пәндерінен олимпиада резервін дайындау аясында дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 13 мамырында «Биология» және «География» пәндерінен олимпиада резервін дайындау аясында дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» атты облыстық вебинары өтті.
Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының мұғалімі Александр Викторович Пэк «Биология» және «География» пәндерінен олимпиада резервін дайындау бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Соңғы жылдары Александр Викторовичтің оқушылары биология мен географиядан жүлделі орындарға ие болып, облыстық және республикалық деңгейде табысты өнер көрсетуде. Педагогтің соңғы жоғары жетістігі: 2021 жылдың 25-30 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының күміс медалінің иегері - Лис Валерия.
А.В. Пэк дарынды балалармен жұмысты дайындаудың алгоритмімен, формалары және әдістерімен бөлісті. Оқушылармен жұмысты жоспарлауды таныстырды, сондай-ақ оқушыларды олимпиадаға дайындау кезінде қолдануға болатын веб-сайттар, он-лайн карталар пайдалы ресурстармен, әдістемелік әдебиеттермен бөлісті.
Александр Викторович үнемі өз оқушыларын әртүрлі олимпиадаларға қатысуға ынталандырады, оның пікірінше, жаңа білім алуға, жұмыс істеуге тұрарлық олқылықтарды анықтауға, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
Александр Викторовичтің жетістіктерінің қоржынында қаладан халықаралық деңгейге дейін - оның оқушыларында ғана емес, сонымен бірге оның жеке жетістіктерінің әр түрлі деңгейдегі көптеген марапаттары бар.
Александр Викторовичтің басты мақсаты - өз оқушыларын география пәнінен Халықаралық олимпиадасында көру. Оған сәттілік тілейміз!!!
Вебинардың материалдары мен бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан және арнасынан көруге болады.