«Бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін эйдетика әдістерін қолдану (жұмыс тәжірибесін жинақтау)» облыстық вебинары
2023 жылдың 15 наурызында «Бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін эйдетика әдістерін қолдану (жұмыс тәжірибесін жинақтау)» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Денисов ауданының Приречен жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері: И.В.Цицилина мен А.В. Шаповалова аталған тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Эйдетика дегеніміз не? Бұл оқыту әдісінің мәні неде? Қиын сөздерді қалай тез есте сақтауға болады? Қиын сөздерді есте сақтау және есте сақтау үшін «ойға салулар» жасау алгоритмі қандай? Вебинар аясында мектеп педагогтары осылар турасында баяндап, өз ой-пайымдарын ортаға салды.
Вебинарға облыстың 11 өңірінің 19 білім беру ұйымынан 34 педагог қатысты. Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасынан қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.