«Ауыл мектебінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» атты облыстық вебинары. Әулиекөл ауданының Көктал және Сұлукөл мектептерінің тәжірибесі»

     

      

     

    Ағымдағы жылдың 29 қарашасында оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша 2021 жылы облыс өңірлерімен ұсынылған сериядан қорытынды вебинар өтті.

    Вебинарлар сериясын Көктал және Сұлукөл жалпы білім беретін мектептерінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру тәжірибесін ұсынған Әулиекөл ауданы аяқтады.

    Мектептердің әрқайсысы педагогикалық ұжымда қалыптасқан жұмыс жүйесіне, дарынды балалармен жұмыс істеудің нысандары мен әдістеріне тоқталып, облыстық және республикалық деңгейде марапаттарға ие болған жобаларын ұсынды.

    Вебинар барысында келесі мәселелер қаралды:

    1. Ғылыми-зерттеу қызметіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. (педагог-психологі С.А. Стригина, «Әулиекөл ауданы Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» КММ)

    2. Мектептегі ғылыми қауымдастық жұмысының нәтижелілігі- оқушылардың ғылыми-зерттеушілік ізденісінің тиімді ахуалы. («Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» КММ ОҒҚ жетекшісі Алпыспаева Қарашаш Сайдаловна, педагог – зерттеуші)

    3. «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары зияткерлі қоғам негізі» - Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Көктал жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп директоры Ислямова Нургуль Мешитбаевна, педагог-зерттеуші

    4. «Қазақ тілі және әдебиеті сабағынан бастап білім алушылардың ғылыми қоғамына дейін зерттеу қызметін ұйымдастыру» – қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бабирова Даркеш Бегдилдаевна, педагог – эксперт.

    Вебинар жұмысына облыстың 11 өңірінің 49 білім беру ұйымдарынан 92 педагог және әдіскері қатысты.

    Вебинар бейнесін  «Қостанай дарыны»  ӨҒПО арнасынан табуға болады.