Зияткерлік турнир: төртінші сынып оқушыларына арналған қашықтықтан жарыс қорытындысы

    Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауы мен логикалық дағдыларын дамыту мақсатында 2025 жылғы 27 қаңтарда ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушыларына қашықтықтан турнир өткізілді.  Турнир облысымыздың 17 өңіріндегі ауыл мектептері 4 сыныптарының 821 оқушысын біріктірді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша 330 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды 48 қатысушы, екінші орынды 134, үшінші орынды 148 оқушы иеленді. 

    450 оқушы сертификаттармен марапатталды. Турнирдің барлық қатысушылары математикалық және оқу сауаттылығы туралы жоғары білімдерін, сондай-ақ әртүрлі салалардағы білімдерін ұштастыру қабілетін көрсетті

    Жеңімпаздардың дипломдары мен қатысушылардың сертификаттары 2025 жылғы 11 ақпанда мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: http://tiny.cc/tyrnir4klassi  

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ