Жазғы бейінді лагерь

    8-17 маусым аралығында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша жазғы бейінді лагерьдің 1 ауысымы өтті.

    Облыстың барлық аймақтарынан 7-10 сыныптардың 400-ден астам оқушысы осы жылы bilimbirge.kz порталы арқылы қашықтан өткен лагерьге қатысуға өтінім берді.

    Математика, физика, химия және биология пәндері бойынша сабақтарды дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі мол облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған инновациялық және мамандандырылған білім беру ұйымдарының үздік педагогтары өткізді.

    Оқу сабақтарынан басқа, лагерь қатысушыларына облыстың танымал және қызықты адамдарымен кездесулер, түрлі тренингтер мен конкурстарға қатысу ұсынылды.