Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV кезеңінің қорытындысы (Атырау қ.)
2025 жылғы 25-28 ақпан аралығында Атырау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV кезеңі өтті.
Конкурсқа Қостанай облысынан құрамы 15 оқушыдан – Қостанай, Лисаков ққ., Қостанай, Федоров және Жітіқара аудандарынан, сондай-ақ 2 мамандандырылған білім беру ұйымынан: «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 12 жобаның авторынан тұратын команда қатысты.
Конкурста жүлделі орындарға 3 оқушының 3 жобасы ие болды, оның ішінде 1 бірінші (1 оқушы), 1 екінші (1 оқушы) және 1 үшінші (1 оқушы).
№ |
Аты-жөні |
Сынып |
Мектеп |
Секция |
Орын |
1 |
Шумкова Анастасия |
9 |
Гимназия, Жітіқара ауданы |
Тіл білімі (ағылшын тілі) |
І |
2 |
Жаксыбаева Риза |
9 |
«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты |
Орыс әдебиеті |
ІІ |
3 |
Тулегенова Ақнұр |
10 |
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Амангелді ауданы |
Қазақ әдебиеті |
ІІІ |