Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытындысы

    Балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту және бастауыш және орта жастағы оқушылар тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2025 жылғы 28-30 қаңтарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциялар бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

    Конкурс Щучинск қаласындағы «Балдәурен» РОСО базасында өтті. Жобаларды қорғау конкурстың 5 секциясы бойынша екі жас санатында (2-4 және 5-7 сыныптар) өтті: информатика, робототехника, STEM инженерия; химия, биология; туризм және спорт; физика, ғарыш, математика, қолданбалы математика.

    Қостанай облысының атынан осы кезеңге облыстық байқаудың 11 жеңімпазы мен жүлдегері (8 жоба) қатысты.

    Қазылар алқасының шешіміне сәйкес I дәрежелі дипломдармен 2 қатысушы (1 жоба), II дәрежелі дипломмен – 1 қатысушы (1 жоба), III дәрежелі дипломдармен – 5 қатысушы (4 жоба) марапатталды. Тағы 1 қатысушы (1 жоба) грамотамен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

     

     

    Қатысушының аты-жөні

    Сынып

    Мектеп

    Секция

    Орын

    1

    Ширинова Назлы Курмантаева Сара

    7

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    Информатика, робототехника, STEM инженерия

    1

    2

    Ладынский Богдан

    4

    Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Архипов жалпы білім беретін мектебі

    Физика, ғарыш

    2

    3

    Алқау Ляйсан Карткужаков Таир

    7

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    Биология, химия

    3

    4

    Сартов Муслим

    4

    Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы

    Математика,                қолданбалы математика

    3

    5

    Мустафин Кәрім

    2

    Қостанай қаласы білім бөлімінің №21 жалпы білім беретін мектебі

    Биология, химия

    3

    6

    Уразалин Султан

    6

    Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі

    Туризм және спорт

    3

    7

    Оспанов Ернар

    4

    Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы

    Туризм және спорт

    грамота