2019 жылдың 01-05 мамыр аралығында Мәскеу қаласында «Мәскеу облыстық мемлекеттік университеті» Мәскеу облысының жоғары білім беру мемлекеттік білім мекемесінің базасында «Математика және жобалау» халықаралық конкурсының екінші кезеңі өтті.

Қостанай облысынан үш адамнан құралған команда қатысты: Пак Алина (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі), Востриков Глеб (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі), Наурызбаева Камила (Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназия).

Конкурстың екінші кезеңінің бағдарламасы жобаларды көпшілік алдында қорғауды, математикалық квест, конкурс қорытындысын шығаруға арналған іс-шараларды, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін, сертификаттарды табыс етуді, сондай-ақ мәдени бөлімді қамтыды.

Конкурс қорытындысы бойынша Востриков Глеб 2 орынға, Наурызбаева Камила 3 орынға ие болды.

Математикалық квест қорытындысы:

1.Пак Алина – 3 орын

2.Наурызбаева Камила-3 орын

3.Востриков Глеб-3 орын.