Халықаралық Жәутіков олимпиадасында «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары 3 күміс медаль жеңіп алды
А.ж. 13-17 қаңтар аралығында математика, физика және информатика бойынша ХХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада алғаш рет Астана қаласында өтті.
Өткен жылдан бастап осы олимпиадаға командаларды қалыптастыру ережелері өзгертілді. «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушылары жеке командалар ретінде немесе жеке есепте ғана қатысады және облыс командасының атынан қатыса алмайды. Қостанай лицейінің 2 оқушысы «Білім-Инновация» (Байжігіт Ерасыл және Өжентай Абзал) командаларының құрамына кірді, ал Әбдіқадір Таир физика бойынша олимпиадалық құраманың мүшесі ретінде олимпиадаға жеке есепте қатысты.
Облыстық команда құрамында олимпиадаға «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 3 оқушысы (1 – физика, 2 – информатика пәні бойынша) – жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының жүлдегерлері қатысты.
Олимпиада 2 турда өтті. Тапсырмалар, өткен жылдардағыдай, осы олимпиада үшін арнайы жасалды.
Біздің жас физиктердің ұсынылған тапсырмаларды жоғары деңгейде шеше алғаны көңіл қуантады!!! Байжігіт Ерасыл, Әбдіқадір Таир және Өжентай Абзал олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды!!! Біз оқушыларымыздың жеңістеріне аса қуаныштымыз және балаларды, олардың ұстаздары – Қанатов Райымбек Бауыржанұлы мен Серік Мақсат Маратұлын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Жаңа жеңістер тілейміз!!!