Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың XII өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

    2025 жылғы 01 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ базасында Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі» атты дәстүрлі өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

     Конференцияны ұйымдастырушылар: А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті КЕАҚ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ.                                 

    Биыл ұйымдастыру комитеті Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 70-тен астам мектебінен 880-ге жуық ғылыми-зерттеу жобаларын тіркеді. Күндізгі кезеңге қатысуға 26 пән бойынша 474 жұмыс жіберілді.  

    Конференция жас зерттеушілер үшін нағыз ғылым мен шығармашылық мерекесі болды. Конференцияда 26 пәндік секцияда өз жұмыстарын қорғаған оқушылардың 440 жобасы ұсынылды.

    Жас зерттеушілер өз жұмыстарын математика мен информатикадан әдебиет пен өнерге дейінгі әртүрлі білім салаларында ұсынды. Әр жұмыс өзінше ерекше болды және баланың қызығушылығы мен құмарлығын танытты.

    Жұмыстарды қаланың жоғары оқу орындарынан тағайындалған білікті қазылар алқасы бағалады.

    Қорытындылау үш жас санатында жүргізілді: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар.  321 жоба жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын – 62, екінші орын – 115 және 3 орын – 144.

    Конференцияның барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз! Оларға ғылыми-зерттеу қызметінде толағай табыстар тілейміз!

     

    ИТОГИ