Физика мұғалімдеріне арналған оқыту семинары
Дарынды балалармен жұмыста мұғалімдерді дамыту және қолдау мақсатында 2022 жылғы 10 наурызда физика мұғалімдеріне арналған мемлекеттік тілде «Механика бойынша олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбы бойынша онлайн форматта оқыту семинары өтті.
Семинарға қатысушылар «Қостанай қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері С.А.Туктубаева менА.А.Курмангалиеваның жұмыс тәжірибесімен танысты.
Семинарда мұғалімдер импульс пен энергияның сақталу заңдары, гравитация, кинематика және басқа да бөлімдер бойынша есептерді, мысалдарды қарастырды.
Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс айтамыз!