Республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
2024 жылдың 13 қыркүйегінде Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қостанай дарыны» ӨОӘО белгілі ақын Махамбет Өтемісовтің шығармашылығына арналған Республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: оқушылар арасында Махамбет шығармаларын дәріптеу, сондай-ақ тарихи сана мен азаматтықты қалыптастыру.
Оқулар 5 бағыт бойынша өтті: «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу, «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу, «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы, «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындардың өз шығармаларын мәнерлеп оқуы, соңғысы «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» жобаларды қорғау.
Байқауға облыстың 15 өңірінен және бір облыстық мамандандырылған білім беру ұйымынан 45 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған жұмыстардың ғылымилығы мен өзектілігін, қатысушылардың шығармашылық көзқарасы мен білім деңгейін бағалады.
«Ұлы арман» бағытына 11 оқушы қатысты. I орынды Қостанай ауданы Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Атултанова Томирис иеленді.
«Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша Жангелдин ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Бұқарбай Айару 14 қатысушының ішінен І орын.
«Шашақты найза, шалқар күй» номинациясында М.Өтемісов күйлерін орындау бойынша 5 домбырашы қатысты. І орынды Арқалық қаласының А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сабыржан Абай иеленді.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясына 8 оқушы қатысып, І орынды Жангелдин ауданы Қ. Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушысы Асыланқызы Кәусар иеленді.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағытының 7 қатысушысының ішінен І орынды Бейімбет Майлин ауданының С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Қадыров Алдияр жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Өңір |
Мектеп |
Сынып |
Орын |
1 |
Кадыров Алдияр |
Бейімбет Майлин ауданы |
С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп |
9 |
І |
2 |
Сабыржан Абай |
Арқалық қаласы |
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия |
8 |
І |
3 |
Бұқарбай Айару |
Жангелдин ауданы |
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп |
10 |
І |
4 |
Асыланқызы Кәусар |
Жангелдин ауданы |
Қ. Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектеп |
10 |
І |
5 |
Атултанова Томирис |
Қостанай ауданы |
Мичурин жалпы білім беретін мектебі |
9 |
І |
6 |
Гаус Полина |
Қостанай қаласы |
Физика-математикалық лицейі |
9 |
ІІ |
7 |
Жүніс Айжан |
Қостанай қаласы |
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты |
10 |
ІІ |
8 |
Орынбекқызы Айым |
Қостанай ауданы |
Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназия |
10 |
ІІ |
9 |
Ермекбаева Нурай |
Қостанай ауданы |
Айсары жалпы білім беретін мектебі |
10 |
ІІ |
10 |
Қлышбек Іңкәр |
Қостанай ауданы |
С. Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектеп |
9 |
ІІ |
11 |
Оңғарбаева Нұрбала |
Бейімбет Майлин ауданы |
Набережный жалпы білім беретін мектебі |
9 |
ІІ |
12 |
Сабетова Әсем |
Бейімбет Майлин ауданы |
Набережный жалпы білім беретін мектебі |
9 |
ІІ |
13 |
Хизметхан Бердигул |
Қамысты ауданы |
Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі |
8 |
ІІІ |
14 |
Сәлімкерейқызы Жансая |
Науырзым ауданы |
Науырзым жалпы білім беретін мектебі |
9 |
ІІІ |
15 |
Сламова Асель |
Рудный қаласы |
А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп |
11 |
ІІІ |
16 |
Ынтазар Ажар |
Әулиекөл ауданы |
№ 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі |
8 |
ІІІ |
17 |
Ғалымжан Аружан |
Жангелдин ауданы |
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп |
10 |
ІІІ |
18 |
Гусева Ева |
Әулиекөл ауданы |
Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі |
8 |
ІІІ |
19 |
Құлтаева Айым |
Жангелдин ауданы |
Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп |
9 |
ІІІ |
20 |
Жусупов Әділет |
Арқалық қаласы |
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия |
10 |
ІІІ |
21 |
Ешетаев Алмат |
Ұзынкөл ауданы |
№ 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі |
10 |
ІІІ |