Педагогикалық идеялар фестивалі: республикалық конкурстағы педагогтардың жетістіктері

     «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың  10-11 қаңтарында Қаскелең қаласында Сүлеймен Демирел атындағы университет базасында жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсын өткізді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 250 педагог қатысты.

    Қостанай облысынан облыстық кезеңнің 10 жеңімпаз педагогы қатысты, 5 қатысушы жүлделі орындарға ие болды және 5 педагогикалық идея дипломдармен марапатталды.

    «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының жеңімпаздары-   Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының көркем еңбек мұғалімі Саин Думан және Тобыл қаласының №2 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Анастасия Качеева.

    II дәрежелі дипломдармен Лисаков қаласының «Болашақ» балабақшасының логопеді Александра Порозова, Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының педагог-психологы Күнсұлу Нұрғазинаның және Қостанай қаласының №3 МГ география пәнінің мұғалімі Марат Жолдыбектің жұмыстары марапатталды.

    Сондай-ақ, «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазман С.С., Рудный қаласының А. Байтұрсынов атындағы ЖББМ директоры Смағұлова Г.Г., Қостанай қаласының №17 ЖББМ және №24 МГ бастауыш сынып мұғалімдері Микибаева А. К. және Қадыржанова Д.К. және Алтынсарин ауданы Свердлов ЖББМ физика және информатика пәнінің мұғалімі Герасимович И.В. марапатталды.

    Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!