Педагог-психологтарына арналған «Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» республикалық онлайн кәсіби байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

    2024 жылғы 18 сәуірде «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» республикалық онлайн кәсіби байқауының облыстық кезеңін өткізді.

    Байқау педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, позитивті психологияны насихаттауға бағытталған. Байқауға облыстың 6 ауданы мен 2 қаласынан 10 педагог-психолог қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша І орын иегерлері: Қостанай қаласының № 54 бөбекжайының психологы Гаан Виктория Константиновна, Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы және Қамысты ауданының «Айналайын» бөбекжайының педагог-психологы Гунько Жанна Айдаровна.

    ІІ орын иеленгендер: Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологы Филиппова Анастасия Максимовна, Жітіқара ауданының №4 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Камагин Сергей Сергеевич және Сарыкөл ауданының Тимирязев жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Оразалина Зауреш Муратовна.

    ІІІ орынға Алтынсарин ауданының Докучаев жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Яицкова Кристина Эдуардовна мен Әулиекөл ауданы ның Көктал жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Таипова Гульжан Алдановна лайық деп таңылды.

    Арқалық қаласының Ақбұлақ негізгі орта мектебінің педагог-психологы Абдикаримова Валентина Жумановна мен Қостанай қаласының № 17 бөбекжайының психологы Мазурок Наталья Владимировна байқауға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

    Дипломдар мен сертификаттар келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://tiny.cc/z7btxz