Облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинар
2025 жылдың 12 ақпанында Алтынсарин ауданының Краснокордон жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы Қостанай облысының педагогтері үшін «Дарынды балалардың әлеуетін ашуға арналған педагогикалық құралдар» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинардың спикерлері болған пән мұғалімдері: Фунтикова В.Л. – география пәнінің мұғалімі, Шакирова Г.В. – химия және биология пәндері мұғалімі, Мыхликова О.В. – математика пәнінің мұғалімі, Байсалова Н.А., Пожар Н.Н. – тарих пәні мұғалімдері, Жиляева Т.А. – бастауыш сыныптардың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, сондай-ақ мектептің педагог-психологы Кудерина А.Ж.
Спикерлердің әрқайсысы өз пәні бойынша дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы баяндап, сабақта және сабақтан тыс уақытта да қолдануға болатын қызықты әдістер мен әзірлемелермен бөлісті.
Вебинарға білім беру ұйымдарының 83 мұғалімі қатысты.
Вебинардың бейнежазбасы мына сілтеме арқылы «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасында қолжетімді: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.