Математикадан республикалық оқу семинары

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласында 2025 жылғы 6-7 қаңтарда Астана қаласы білім басқармасының «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицейі» КММ базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәні бойынша олимпиадалық және логикалық есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері» атты республикалық оқу семинарын өткізді.

    Семинардың мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәні бойынша олимпиадалық және логикалық есептерді шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.

    Қостанай облысынан оқу семинарына «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Амангелді Бексұлтан Жеткергенұлы, «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Құрманбек Тыныбек Алмасұлы қатысты.

    Семинарға қатысушылар республикалық олимпиаданың тапсырмаларын және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық тапсырмаларын шешу тәсілдері мен әдістерін қарастырды.