Мамандандырылған және инновациялық мектептер үшін педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында дарынды балалармен жұмыс жөніндегі секция отырысы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы білім беру қызметкерлерінің 2023 жылғы 11 тамызда Қостанай облысының мамандандырылған және инновациялық мектептері директорларының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық алаң өткізді.
Секциялық алаңда облыс педагогтарының дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі таныстырылды. «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ директорының орынбасары Амиржан Закариевич Жұмабеков дарынды оқушылармен жұмыс істеу бойынша әкімшілік-басқару қызметкерлері жұмысында Telegram боттары мен жасанды интеллекттерді пайдалану саласындағы әзірлемелерімен бөлісті.
«Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ директорының орынбасары Раушан Қайыржанқызы Бексұлтанова дарынды оқушыларды табысқа жетелейтін жүйелі жұмысымен бөлісті.
«Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ мұғалімдері: Будилова Елена Михайловна, Дегтярева Людмила Григорьевна, Молдабаева Сәуле Абайқызы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен «Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі Куренова Назгүл Клышбайқызы ұсынды.
«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының орынбасары Храмей Ирина Сергеевна оқушылардың IT-технологиялар, бағдарламалау саласындағы зияткерлік қабілеттерін дамытатын «Мектеп киностудиясы», «Киберспорт шеберлігі», «Спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада» сияқты жобаларды ұсынды.
Алимбаева Алина Кажирахимовна, «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының орынбасары «Құмырсқаның илеуі» ынталы педагогтардың кейс-қоғамдастығының тәжірибелік бөлігін көрсетіп, «Кітап клубы» жөнінде әңгімелеп берді.
Секцияға облыстың мамандандырылған және инновациялық мектептері директорларының орынбасарлары мен педагогтары, жалпы 5 аудан мен 4 қаладан 34 ұстаз қатысты.