География пәні бойынша оқыту семинары

             Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадалардың түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 31 қазанда Қостанай облысының дарынды балаларға арналған инновациялық, аралас және мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «География пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты оқыту семинары өтті. Жаттықтырушы ретінде жоғары санатты география мұғалімі, Қостанай қаласының № 23 орта мектебінің педагог-шебері Татьяна Юрьевна Калинина шақырылды.

             Семинарда мұғалімдердің пәндік құзыреттілік деңгейін арттыру, республикалық олимпиаданың әр кезеңінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды талдау мәселелері қарастырылды.

             Семинарға қатысушылар оқыту семинарының жоғары деңгейін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.