2-4 сынып оқушыларына арналған «Funny English» ағылшын тілінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 3-4 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.
Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 2 811 оқушы,оның ішінде 1466 (немесе 52,2 %) қатысушы ауылдық жерлердегі мектептерден қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай (764 қатысушы), Әулиекөл ауданының (340 қатысушы), Рудный қаласының (324 қатысушы) оқушылары болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1371 оқушы жүлдегер атанды, оның 103-і 1-орын, 589-сы екінші және 679-сы үшінші орын алды. Бұл олимпиадада Алтынсарин ауданынан (83% сапа) және Арқалық қаласынан (65%) бастауыш сынып оқушылары ең сапалы өнер көрсетті.
Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар берілді.