Ағымдағы жылдың 20 тамызында Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында он-line тәртібінде «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «Балалардың зияткерлік дарындылығын дамытудың негізгі үрдістері» тақырыбында дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша секция өтті. Секция модераторы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны»  өңірлік ғылыми - практикалық орталығы болды.

On-line кеңеске инновациялық, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорларының орынбасарлары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Кеңес жұмысына мына педагогтар қатысты: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ы.С. Келинбердиева., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ оқу жұмысы және мониторинг қызметі бөлімінің бас маманы И. П. Заминова, Қостанай қаласындағы А. М. Горький атындағы гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Р.Блохина, «Озат»мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия мұғалімі  К.А. Нұғыманова.

 «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Г. К. Укина кіріспе сөз сөйледі. Г. К. Укина өз сөзінде дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша негізгі үрдістерге тоқталды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының халықаралық, республикалық олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстары, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту мақсатындағы зияткерлік ойындар, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау үшін қолайлы жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету сияқты бірқатар зияткерлік жарыстарға қатысты өзгерістер енгізілгені туралы мәселелер қозғалды.

Кеңеске қатысқан педагогтар осы бағыттағы инновациялық білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, жобалау-зерттеу қызметінде дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, әлеуметтік бейімделу, дарынды баланың әлеуетін жүзеге асыру, білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың зияткерлік дарындылығын дамыту тәсілдері туралы әңгімеледі.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қостанай облысының білім беру ұйымдарында дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау бойынша жұмысты жақсарту үшін білім беру бөлімдерінің басшыларына және облыс педагогтарына ұсыныстар берілді.