Дарынды балаларды қолдау: технология және тәжірибе
Дарынды балаларды анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған заманауи технологиялармен, әдістемелермен және тәжірибелермен танысу, сондай-ақ олардың әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауда тәжірибе алмасу мақсатында 2025 жылғы 7-8 ақпанда «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Дарынды балаларды қолдау: технология және тәжірибе» тақырыбында көшпелі облыстық семинар өтті. Семинарға Жангелдин ауданының 104 мұғалімі қатысты.
Семинарда «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ, «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ педагогтары А.Азизұлы, Б.Ш. Байтасова, А.С. Бекмағамбетов, К.Б. Бектұрғанов, Ж.А. Гаппаров, Н.Қ. Қайрғали, М.М. Серік, А.А. Нұрханова, А.К. Нұғыманов дарынды балаларды анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған заманауи тәсілдері мен технологияларымен, әдістемелерімен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар тәжірибе алмасу және дарынды балаларды қолдау мен дамытудың негізгі мәселелерін талқылауда маңызды алаң болды.