7-9 сынып оқушыларына арналған Республикалық астрономиялық олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы

    Оқушылардың астрономиямен және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау мақсатында «Астана дарыны» Tamos Space School жекеменшік мектебімен бірлесіп 2025 жылғы 5 ақпанда 7-11 сынып оқушыларына арналған «Astro Space School» республикалық астрономиялық турнирінің іріктеу кезеңін өткізді.

    Іріктеу турына 41 қатысушы (10 команда) қатысты. Оларға білім беру ұйымдары оқушыларының командалары шешімін тауып, турнир ұйымдастырушыларының қарауына ұсынуы тиіс тапсырмалар ұсынылды.

    Осы кезеңнің қорытындысы бойынша алты білім беру ұйымының командалары негізгі турға өтті:

    - Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі;

    - Қостанай қаласы білім бөлімінің №11 жалпы білім беретін мектебі; 

    - Қостанай қаласы білім бөлімінің №23 жалпы білім беретін мектебі;

    - Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы;

    - Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы;

    - Рудный қаласы білім бөлімінің № 7 мектеп-гимназиясы.

    Турнирдің негізгі кезеңі осы жылдың сәуір айында Астана қаласында өтеді.