2024 жылғы облыстық қашықтан пәндік олимпиадалардың қорытындысы
2024 жылы Қостанай облысының оқушылары 7-10 сынып оқушыларына арналған 9 облыстық қашықтан пәндік олимпиадаларға қатысты. Олимпиадалар орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, география, Қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәндері бойынша өтті.
Олимпиадаларға 27 323 оқушы қатысты. Біздің олимпиадаларымызға қатысушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 3,96 % артты.
Олимпиадаларға қатысушылар ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті және биология бойынша тапсырмаларды сәтті орындады.
Облыстың 331 мектебінен 4 751 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды.
Олимпиадалардың қорытындысы бойынша 2024 жылғы барлық олимпиадаларда жақсы нәтиже көрсеткен 20 үздік мектеп анықталды:
№ |
Өңір |
Мектеп |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны |
1 |
Рудный қ. |
№10 мектеп-гимназия |
512 |
124 |
2 |
Қостанай қ. |
№3 мектеп-гимназия |
245 |
105 |
3 |
Қостанай қ. |
М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп |
256 |
98 |
4 |
Рудный қ. |
№2 гимназия |
250 |
95 |
5 |
Қостанай қ. |
№19 жалпы білім беретін мектеп |
298 |
84 |
6 |
Б. Майлин |
Тобыл жалпы білім беретін мектебі |
202 |
80 |
7 |
Алтынсарин |
Силантьев жалпы білім беретін мектебі |
151 |
79 |
8 |
Арқалық қ. |
А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия |
213 |
72 |
9 |
Қостанай қ. |
№8 жалпы білім беретін мектеп |
288 |
69 |
10 |
Қостанай ауданы |
Тобыл қ. №1 жалпы білім беретін мектебі |
218 |
69 |
11 |
Қостанай қ. |
Физика-математикалық лицейі |
253 |
63 |
12 |
Сарыкөл |
Урицкий мектеп-лицейі |
559 |
63 |
13 |
Арқалық қ. |
Ы. Алтынсарин атындағы гимназия |
240 |
59 |
14 |
Жітіқара |
№ 12 жалпы білім беретін мектеп |
318 |
58 |
15 |
Қостанай қ. |
№17 жалпы білім беретін мектеп |
191 |
56 |
16 |
Қостанай ауданы |
Тобыл қ. мектеп-гимназиясы |
449 |
56 |
17 |
Қостанай қ. |
№18 мектеп-гимназия |
335 |
55 |
18 |
Қостанай ауданы |
Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі |
198 |
55 |
19 |
Қостанай қ. |
Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп |
187 |
54 |
20 |
Жітіқара |
Абай атындағы мектеп-лицейі |
164 |
51 |
Жыл бойы Қостанай, Рудный қаласы және Қостанай ауданы сияқты өңірлер белсенділік танытты. Дәл осы өңірлер өткен жылы қатысушылар саны бойынша көшбасшы болды.
2024 жылы қашықтықтан олимпиадаларда нәтиже көрсету сапасы бойынша үздік нәтижені «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының (34,0 %), Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының (26,9 %), Алтынсарин ауданының (24,7 %) және Қостанай (21,7 %), Арқалық (20,4 %) қалаларының оқушылары көрсетті.
Облыстық қашықтық олимпиадаларының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектептер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.