2019 жылдың 10 маусымынан 13 маусымға дейін Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХІІ республикалық математикалық турнирі өтті.
Турнирге 2-4 сынып оқушылары қатысты. Өңірлерден, Астана және Алматы қалаларынан қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерден 50 команда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ командалары бақ сынасты.
Қостанай облысының командасын турнирдің облыстық кезеңінің жеңімпаздары – Қостанай қаласының екі мектебі - физика-математикалық лицейі және № 24 «А» мектеп - гимназиясы таныстырды. Балалар математикалық білім мен сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істей білуін көрсете отырып, барлық сынақтарға лайықты төтеп берді.
Турнир қорытындысы бойынша командалық біріншілікте Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің командасы І орынды, ал № 24 «А» мектеп-гимназиясының командасы ІІ орынды иеленді.