ЕРЕЖЕ

    Өзге  ұлт  өкілдері балаларының қазақ тілін білу деңгейі бойынша облыстық  «Тіл шамшырақтары» ашық байқауының

    Ережесі

     

               Қазіргі кезеңде қазақ тілін мектеп жастағы басқа ұлтты оқушыларға оқыту мәселесінің көкейтестілігі аса маңызды. Қазақ тілінің мектептік білім беру мазмұнында жүргізілуіне қарамастан, тілдің оқытылуына бағдарлама – әдістемелік және дидактикалық қамсыздандырудың дайындығы, кадрлар мәселесінің шешілуі, біз балалармен қазақ тілін меңгеруінің төменгі деңгейін растауға мәжбүрліміз.

    Мұның себебі – мектеп оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығының төмендігі, отбасында қазақ тілінде сөйлеспеуі, білім беру мекемелерінің тілді оқытуға белсенділігінің  нашарлығы.

    Конкурстың негізгі мақсаты: тілге бейімі бар дарынды оқушыларды қолдау, көп тілді меңгерген жеке тұлғаның қазақ тілінде мәдени ортада қарым-қатынас жасауына ықпал етуін қалыптастыру.

    Конкурс міндеті:

    • мектеп оқушыларының қазақ тілін оқуына қызығушылығын қалыптастыру;
    • қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, тіліне деген дұрыс көзқарасты дамыту.
    • қазақ тіліне бейімі бар дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау және әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдау.
    • қазақ тіліне бейімі бар оқушыға мәдени ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға шынайы мүмкіндік беру.

     

     

     

     

    4 -5 сынып оқушыларының қазақ тілін меңгерудегі коммуникативтік құзіреттілігі:

    Қазақ тілін меңгеру индикаторлары

    • Түсіну
    • Тыңдалым

    Оқушы күнделікті қарым-қатынас жағдайында өзі, отбасы және өз ортасы туралы анық айтылған әңгімеден таныс сөздер мен қарапайым тіркестерді түсінеді. Оқушы өзіне қатысты айтылатын маңызды тақырыптардан,  мысалы, оның тұрғылықты мекен жайы, мектебі, Отаны, Астана туралы, сатып алған нәрселері жайлы жиі қолданылатын сөздер мен  жекелеген тіркестерді түсінеді. Көлемі шағын хабарлама мен хабарландыруларда әңгіме не туралы болып жатқанын түсінеді. Мысалы: оқушы аталып жатқан аттарды, сандарды, уақытты; жеңіл өлеңдер мен әндерді; бұйрықтар мен өтініштерді түсініп және оны орындайды; пікірлесуші атының кім екенін, қайда тұратынын сұраған немесе айтқан жағдайда түсінеді; әңгімелердегі, ертегілердегі, басқа да мәтіндердегі сөздер мен сөйлемдерді түсінеді. Оқушы суреттердің көмегімен оқыған мәтінді әңгімелеп бере алады; қоғамдық жазбаларды оқи алады және мектепте, қоғамдық көлікте, дүкенде, саябақта, хайуанаттар паркінде, театрда нені істеуге болатынын немесе болмайтынын  айта алады. Төртінші сынып оқушысы балалар ойынының ережесін және ойын алаңындағы жазуларды оқи алады.

    ¨ Оқу

    Төртінші сынып оқушысының оқитын сөзі минутына 100-ден кем болмауы керек. Оқушы аттар мен сөздерді, сондай-ақ хабарландырулар мен плакаттардағы және каталогтардағы қарапайым сөздерді түсінеді. Ол сонымен бірге қарапайым мәтіндерді түсінеді. Күнделікті қарым қатынастағы қарапайым мәтіндерден, жарнамадан, даңғылдардағы жазулардан, ас мәзірінен, хабарландырудан, кестеден өзіне қажетті нақты ақпаратты таба алады. Мысалы: төртінші сынып оқушысы таныс аттарды, қарапайым мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді, суретті шағын әңгімені, көлемі шағын өлеңді, хабарландырудағы, жарнамалардағы, даңғылдардағы, сөздер мен сөз тіркестерін оқи алады және түсінеді, ас мәзіріндегі тағамдар туралы қажетті мәліметті түсініп, пайдалана алады.

    Сөйлеу

    ¨ Сұхбат

    Оқушы егер пікірлесуші күрделі емес сұрақ қойса диалогқа қатыса алады. Оқушы өзіне таныс және оны қызықтыратын тақырыптар төңірегінде қарапайым сұрақтар қоя алады. Өзіне таныс тақырыптар мен қызмет түрлерінің аясында ақпарат алмасу қажет болған қалыпты жағдайларда қарым-қатынас жасай алады. Мысалы: төртінші сынып оқушысы сәлемдесе және қоштаса алады, таныса алады, өзінің атын айтып және пікірлесушінің атын сұрап біле алады, пікірлесушінің өзі туралы сұрақтарына жауап бере алады, алғысын білдіре алады, түстерді, жануарларды, тағамдарды, өзін қоршаған заттарды атай алады, қарапайым сұрақтар қоя алады. Оқушы дүкенде сауда жасау кезінде қарым-қатынас жасай алады, досының атын, мекен жайын, оған не ұнайтынын айтып, таныстыра алады.

    ¨Монолог

    Оқушы қарапайым сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолданып өзі туралы, өзінің отбасы, өзі білетін адамдар, тұратын жері, Қазақстан, Астана туралы, ауа райы, жыл мезгілдері жайында әңгімелей алады. Бала өзінің жеке түйсінулері, басынан кешкен оқиғалары туралы қарапайым әңгіме құрап, қысқаша оқиғаны, мысалы, ертегіні, көрген фильмін әңгімелеп бере алады. Мұндай әңгіме  4-5 жай сөйлемнен тұруы керек. Лексикалық қоры – 160 – 200 сөз. Мысалы: төртінші сынып оқушысы жай сөйлемдерді қолдана отырып өзі туралы, отбасы, өзі білетін адамдар жайлы әңгімелей алады,  не істеуді ұнататынын немесе ұнатпайтынын айта алады; таныс сөздерді қолдану арқылы өз ойын білдіре алады; өлең, шағын әңгіме немесе ертегі айтып бере алады; 1000-ға дейін санап бере алады.

    • Хат

    Оқушы қазақ тілінде баспа немесе үлкен әріптермен өз тегін атын, мекен – жайын, құттықтауларды жаза алады. Оқушы баспа немесе үлкен әріптермен

    қарапайым және қысқа хабарламалар, мәтіндер  (мысалы 40-45 сөзден тұратын диктант, 4-5 сөйлемнен тұратын қысқа шығарма) жаза алады. Жазу жылдамдығы минутына 50 таңбаны құрауы керек. Мысалы: бала мазмұны күрделі емес шағын шығарма, мазмұндама,  Жаңа жылмен, Наурызбен, туған күнмен құттықтаулар, өзінің тұрған жерін хабарлау үшін хат жаза алады, жекелеген мәтіндерді қатесіз көшіре алады, сатып алуға қажет заттардың тізімін жаза алады. Төртінші сынып оқушысы көрсеткіштердің аттарын, жазуларын, мәтіндерін көшіріп, оларды керек жағдайда саябақта, көшеде, мектепте, дүкенде,  хайуанаттар паркінде қолдана алады.

    6-7 сыныптар үшінқазақ тілін меңгертудегі оқушылардың коммуникативті құзыреттілігі

    Қазақ тілін меңгерудің индикаторлары

    • Түсіну
    • Тыңдалым

    Оқушы күнделікті сөйлеу тіліндегі қазақ тілінің мазмұнын түсінеді. Өзіне белгілі тақырыпты мәтінінің мазмұнын түсінеді. Мектепте өткен көркем шығармалардың, газет басылымындағы очерктердің, ғылыми мақалалардың мазмұнын түсінеді. Мысалы, оқушы өзіне белгілі тақырыптың сөздік қорын,

    сөйлемдерді, өтініштерді, белгілерді, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды түсінеді, оларды орындай алады немесе кейінге қалдырады. Кез келген қоғамдық жазбаларды, мақалаларды, іскер қағаздарды оқи алады, онда не туралы айтылғандығын түсінеді, және оны өзгелерге жеткізе алады.

    • Оқу

    Оқушы минутына жылдамдықпен 160 сөзден артық оқи алады. Көркем шығарма, ғылыми еңбек, газет-жорнал беттеріндегі мақала, каталог, жарнама, хабарландырулардың мәтініндегі мазмұнын түсінеді. Өзіне таныс емес мәтіндердің мазмұнын да түсінеді. ( 12 – 15 сөйлемдер) белгілі немесе маңызды тақырыптардағы өзіне керек хабарламаны күнделікті сөйлесу мәтінінен, мәзірлемеден, хабарландырудан, кестелерден, жоспарлардан және т.б. таба алады. Мысалы, жоғары сынып оқушысы белгілі тақырып немесе маңызды тақырыптардың ақпараттық жарнама немесе басқа да қоғамдық жазбалардағы мәтіннің мазмұнын түсінеді және оны оқи алады, сондай-ақ оны қолдана алады. Көркем шығармалардан, ғылыми мақалалардан, басқа да жазба дереккөздерінен керек хабарламаны таба алады және оқи алады.  

    • Сөйлеу
    • Сұхбат

    Сөйлеуші оқушыға маңызды әрі таныс тақырып көлемінде сұрақ қойса, онда ол оқушы сұхбатқа еркін қатыса алады. Ақпарат алмасуда аса қажет ететін өзіне таныс тақырып я ақпарат көздерін, кең түрде таныс әрі ақпарат алмасуды қажет ететін жағдайларда қарым-қатынас жасай алады. Мысалы, жоғарғы сынып оқушысы өзін таныстыра алады, өзінің сөйлеушісі жайында қызықтырған ақпаратын ала алады, кең таныс әрі өзін қызықтырған тақырыпта сауалдарға жауап бере алады. Оқушы қоғамдық орындардағы адамдармен қарым-қатынас жасай алады (дүкен, дәріхана, кітапхана, мектеп және т.б.). Жоғарғы сынып оқушысы өзінің ғылыми жұмысын қорғап, дискуссияны құрастырып ұйымдастыра алады.

    • Монолог

    Оқушы өзі жайында, отбасы, достары, мектебі, Отаны жайында және басқа да маңызды тақырыптарда сөйлесе алады. Оқушы оқыған кітап, көрілген фильм, қоғамдық қатынас, тарихи жағдай жайында өз пікірін, көзқарасын білдіре алады. Оның мәтіні 8-9 сөйлемнен тұруы тиіс. Лексикалық қоры 360 – 390 сөз. Мысалы, жоғарғы сынып оқушысы өзінің лексикалық қорын пайдалана отырып, белгілі тақырыпта сөйлей алады; өзінің әсерін айта алады, көзқарасын баяндап, 10-12 сөйлемді мәтін мазмұнын айта алады.

    • Хат

    Оқушы біреудің баяндауында, сонымен қатар өз бетінше қазақ тілінде еркін жаза алады. Диктант мәтіні 90-95 сөзден құрылуы тиіс. Жазу жылдамдығы минутына 80-90 белгі. Оқушы таныс, я болмаса ұсынылған тақырыпта  8-9 сөйлем мазмұндама немесе шығарма жаза білуі тиіс. Мысалы, жоғарғы сынып оқушысы әңгіме жаза біледі, құттықтау қағаздарын толтырып, өмірбаяндық, іс-қағаздарын жаза алады (өтініш, түсініктеме хат, мінездеме және т.б.). Өз ойын жазбаша түрде білдіріп, таныс не болмаса өзін қызықтырған тақырыпта эссе жаза алады.

    Өзге ұлт өкілдерінің оқушыларына қазақ тілін оқытудың нәтижиелі

    мониторинг процедурасын өткізу шарттары

    Жақсы  нәтижеге жеткен оқушыларды анықтау мониторинг процедурасы қазақ тілін игеру барысында жүргізіледі.

    Мониторинг өткізу талаптары:

    • қазақ тілін игеру нәтижесінің фиксациялық жүйесі;
    • мақсаттық қойылымдарға сәйкес құрылымдығы;
    • алынған нәтижиелер;
    • алынған ақпараттың жеделдігі мен жеткіліктілігі.
    • Мониторинг әдістері:
    • оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс қызметтерін бақылау;
    • сұрақ – жауап, сұхбат, сауалнама;
    • қазақ тілі білімін бақылау – ашық сабақтар.

    Қазақ тілін білуге ашық конкурс – байқау 3 кезеңде  жүргізіледі:

    1. Кезең – мектепшілік
    2. Кезең  - аудандық (қалалық)
    3. Кезең – қорытынды (облыстық)

    Қорытынды кезең - қазақ тілін білушілер арасындағы ашық облыстық конкурс – байқау  - жылына 1 рет  «Қостанай дарыны» ӨҒПО жүргізеді. Облыстық кезең 2 турдан тұрады:

    1 тур – жазбаша

             2 тур ауызша (тыңдау, оқу, монолог, диалогтан тұрады.)

     

               Аудандық (облыстық) кезеңнен жеңіп шыққан  басқа ұлт өкілдерінің оқушылары  облыстық  деңгейдегі  байқауға қатысады.  Қостанай облысының әр ауданы құрамы 4 қатысушыдан құралған команданы ұсынады (әр параллелден 1 қатысушы). Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары, дарынды балаларға арналған мамандандырылған  ұйымдар құрамы 8 қатысушыдан  құрылған команда ұсынады (әр параллелден 2 қатысушы).

           

     

     

    Бағалау парағы

     

    Қатысушының аты –жөні  ___________________ сыныбы__________________

    Әділ -  қазылар алқасының аты – жөні    _________________________________

     

                                            

    Критерийлер

    Индикаторлар

    Жоғарғы деңгей

    Жеткілікті жоғарғы деңгей

    Жеткілікті деңгей

    Жеткіліксіз деңгей

    Төменгі деңгей

    1.Лексикалық қор

     

     

     

     

     

    2.Ауызекі сөйлеу тілін түсіну

     

     

     

     

     

    3.Жазба тілін түсіну

     

     

     

     

     

    4.Тез оқи білу

     

     

     

     

     

    5.Түсініп оқи білу

     

     

     

     

     

    6.Диалог түрінде жұмыс істей білу

     

     

     

     

     

    7. Монологты құра білу

     

     

     

     

     

    8. Жазба жұмысын жаза білу

     

     

     

     

     

    9.Жазбаша жаза білу

     

     

     

     

     

    10. Аудара білу

     

     

     

     

     

    11. Қазақ тілі этика тілінің ережелерін біле отыра сақтау

     

     

     

     

     

     

    Өзге  ұлт  өкілдері балаларының қазақ тілін білу ашық конкурс-байқауының қатысушылары алған, аударма  бағалаулар ШӘКІЛІ

    Бағалау

     

    Балл

    Жоғарғы деңгей

    9-10

    Жеткілікті жоғарғы деңгей

    7-8

    Жеткілікті деңгей

    5-6

    Жеткіліксіз деңгей

    3-4

    Төменгі деңгей

    1-2