Ауызша олимпиаданың ережелері

    2 тур

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ІХ  Халықаралық олимпиадасын

    Ауызша олимпиаданың ережелері

     

    Ауызша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып тапсырылмай қазылар алқасына ауызша айтылады.

    Олимпиада бірінші және екінші кезеңнен тұрады.

    Бірінші кезең.

    Олимпиаданың басында қатысушыларға жауап беру парақшасы таратылады. Жауап беру парақшасына қатысушы аты-жөнін, мектебін, сыныбын толық жазу керек. Осы парақшамен қатысушы жауап беруге шығады. Олимпиада аяқталған соң бұл парақша міндетті түрде тапсырылады.

    Бірінші кезең тапсырмасын орындауға 2 сағат беріледі. Олимпиада ауызша болғандықтан есептің шешуі қазылар алқасына ауызша айтылады. Есептің толық шешуін дәптерге жазу қажет емес, бірақ дәптерде есептің шығару жолдарының жоспары және есеп кезінде пайдаланатын негізгі теңсіздіктер мен формулалар жазылуы керек.

    Бір немесе бірнеше есепті шығарған оқушы жауап беру парақшасымен қазылар алқасына жауап беруге шығады. Жауап беру кезінде түсініксіз жағдайларда тиісті сұрақтар қойылады. Қатысушы тек қана жауап беру кезінде қателерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданады.

    Әр есеп бойынша қатысушы екі рет қана жақындай алады. Екі ретінде де дұрыс толық жауап берілмесе, бұл есеп шығарылмаған деп есептеледі.

    Келесі кезеңнің есептерін алу үшін, бірінші кезеңнің 3 есебін шығару қажет. Егер бөлінген уақыт ішінде сол есептер шығарылмаса, қатысушыға жаңа есеп берілмейді де олимпиада бұл оқушы үшін аяқталады.

    Екінші кезең.

    Екінші кезеңге өткен оқушы басқа аудиторияға ауысады.

    Екінші кезең есептерің шығаруға 2 сағат беріледі. Жауап беру кезінде қатысушы жаңа есептің шешуімен бірге (егерде жауап беру мүмкіндігін толық пайдаланбаса) бірінші кезеңдегі есептің шешу жолдарын айта алады.

    Екі кезеңге бөлінген уақыт өткен соң, олимпиада аяқталады.

    Қорытынды шығару кезінде қатысушының қазылар алқасына жауап беруге жақындаған саны емес, толық шығарылған есептер саны есептеледі.

    _________________________________________________________________________________

     (Оқушының тегі, аты) (Фамилия, имя ученика)

    1 кезең  Довывод

    Есептің №

    № задачи

    1-әрекет/1-подход

    тапсырды/тапсырған жоқ

    сдал/не сдал

    2-әрекет/2-подход

    тапсырды/тапсырған жоқ

    сдал/не сдал

    Тексерушінің қолы/

    подпись члена жюри

    № 1

     

     

     

    № 2

     

     

     

    № 3

     

     

     

    № 4

     

     

     

    № 5

     

     

     

     

    2 кезең  Вывод

    Есептің №

    № задачи

    1-әрекет/1-подход

    тапсырды/тапсырған жоқ

    сдал/не сдал

    2-әрекет/2-подход

    тапсырды/тапсырған жоқ

    сдал/не сдал

    Тексерушінің қолы/

    подпись члена жюри

    № 1

     

     

     

    № 2