ЕРЕЖЕ

    2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсын өткізу туралы ереже
    I. Жалпы ережелер
    1. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республкасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің қамтамасыз етілуін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздар мен жүлдегерлерін анықтайды.
    2. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) болып табылады.
    3. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
    4. Конкурстың негізгі міндеттері:
    - зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
    - оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
    - қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
    II. Конкурс қатысушылары
    1. Конкурсқа жас зерттеушілер -2 - 7 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
    III. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
    1. Конкурсты дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады. 2. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қорытынды кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, Конкурстың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы-командалардың тізімін бекітеді, Конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды. 3. Қазылар алқасының құрамы әр түрлі ғылым саласындағы мектептерден, колледждардан, жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы мұғалімдерінен құралады. 4. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
    5. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
    1) бірінші кезең – мектептік; білім беру ұйымдарында өткізіледі;
    2) екінші кезең – облыстық (іріктеу) кезеңі, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары өткізеді;
    3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.
    6. Қорытынды кезеңде - зерттеу жұмысы қорғалады. Зерттеу жұмыстарын қорғау слайд түінде өткізіледі. Қорғауға авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 10 минут уақыт беріледі.
    7. Конкурстың қорытынды кезеңіне облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары бірінші орын иеленген жеңімпаздардан құрылған құрама командалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір секцияға 1 ғылыми-зерттеу жобасын (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-7 сыныптар) және әр топтан бір жетекші ұсынады.
    8. Конкурстың республикалық кезеңіне тіркелу және қатысу облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары Конкурсқа екі апта қалғанда ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтінімдері негізінде жүзеге асырылады (1-қосымша).
    9. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары ұйымдастыру комитетіне Конкурстың I, II кезеңдерінің қорытынды есептерін және хаттамаларын ұсынады (2,3 қосымша).
    10. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
    11. Аппеляция қарастырылмайды.
    Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
    01000 Астана қ., Республика, 34 «а», Тел. 8-7172-29-51-59, 8-7172- 29-52-67, e-mail: z.amanova7@mail.ru
    IV. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптар
    1. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
    1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
    2 секция - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
    3 секция - математика, информатика;
    4 секция - физика, техника;
    5 секция - медицина, психология;
    6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
    7 секция - химия, биология;
    8 секция - экология, валеология;
    9 секция- робототехника.
    2. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.
    3. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың қосқан үлесі, құндылығы мен кемшілігі көрсетілген жетекшісінің және маманның пікірі болуы керек.
    4.Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптары:
    1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс – 2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек:
    - титул парағы;
    - мазмұны;
    - түйіндеме (аннотация) – жұмыстың негізгі мазмұнын қазақ және орыс тілдерінде қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты);
    - кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді;
    - негізгі бөлім: материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау;
    - әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады;
    - қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар);
    - қолданылған әдебиеттер тізімі.
    2) титул парағында мыналар көретіледі:
    - жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;
    - жұмыстың тақырыбы;
    - бағыты;
    - орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы);
    - жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
    - жұмыс орындалған жыл.
    5. Конкурстың қорытынды кезеңде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және шығармашылық жобаларын қорғау үшін көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет.
    V. Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау
    1. Конкурс жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:
    - жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі;
    - шығармашылығы;
    - сұрақтарға жауаптардың толықтығы;
    - тақырыптың зерттеу тереңділігі.
    2. Конкурсты қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталады:
    1) 2-4 сынып оқушылары;
    2) 5-7 сынып оқушылары.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.
    3.Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.