ЕРЕЖЕ

    1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада туралы

    ЕРЕЖЕ

     

    1. Жалпы ережесі

    1.1. Осы 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада ережесі (бұдан әрі-Ереже) 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданы (бұдан әрі-Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету, өткізу және қаржыландыру, Олимпидаға қатысу, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібін анықтайды.

    1.2. Олимпиаданың мақсаты:

    1) зияткерлік дарынды, білімді оқушыларды анықтау;

    2) жоғары білімі мен қабілеті бар талантты оқушыларды қолдау

     

     

    1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    2.1. Олимпиадаға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері, лицей, гимназиялардың 1-4 сынып оқушылары қатысады.

    2.2.  Қатысушының еркі бойынша олимпиадаға орыс және қазақ тілінде жүргізіледі.

    2.3. Олимпиада бір турдан тұрады.

    2.4.           Олимпиада тапсырмалары мемлекеттік білім бағдарламасының мазмұнына сәйкес «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен әзірленеді. Олимпиада тапсырмалары 3 пән: математика, дүниетану және мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша болады.

              2.5.   Олимпиада уақытында жеке жазбаны, кез-келген әдебиетті, мобильді байланыс құралын қолдануға тиым салынады.               

    2.6. Ережені бұзғаны үшін қатысушы олимпиадан шығарылады.

    2.7. Қостанай облысының әр өңірінен 4 қатысушыдан құрылған команда қатысады (әр параллельден бір қатысушы). 

    2.8. Олимпиадаға тіркелу және кіру рұқсаты аудан және қала әкімдігі білім бөлімдерінің сұранысы негізінде іске асырылады.

             2.9. Сұраныста өңір атауы, қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, тапсырманы орындау тілі және қатысушыны  дайындаған мұғалімнің аты-жөні көрсетілуі керек. 

           2.10. Сұраныста көрсетілген мәліметтің дұрыстығына өңірдің білім бөлімі жауап береді.

     

    3.  Олимпиаданың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы

    3.1. Олимпиаданың ұйымдастырушысы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

    3.2. Ұйымдастырушы өз құзыреті шегінде:

    -  олимпиаданың өткізу мерзімі, орны, тәртібімен келіседі;

    - облыстың жалпы білім беретін мектептері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары қатарынан алынған қазылар алқасы құрамын қалыптастырады;

    - олимпиаданы өткізу барысында пайда болған даулы жағдайларды қарастырады;

    -  тапсырма материалдарын және бағалау критериилерін әзірлейді;

    -   жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін бекітеді;

    -  олимпиада тапсырмаларының шешімін жариялайды және Олимпиада туралы ережеге сәйкес  басқа да  функцияларды іске асырады.

     

    4.  Олимпиада қорытындыларын шығару

    4.1. Олимпиада қатысушылары қатысушы сертификатын алады.

    4.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

    4.2. Аудандар мен қалалар арасында олимпиада қорытындысы жеке жүргізіледі.

    4.3. Олимпиада қатысушыларының  қорытындысы «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтына шығарылады.

     

    5.  Олимпиаданы қаржылай қамтамасыз ету

    5.1 Олимпиаданы қаржылай қамтамасыз ету қол жетімді қаржы ресурстарының шеңберінде іске асырылады.

    5.2. Олимпиадада төлем өндіріп алуға жол берілмейді.