Физика бойынша облыстық юниорлық олимпиада ережесі

    Физика бойынша облыстық юниорлық олимпиада ережесі

     

    1. Жалпы бөлімі

    1.1. Физика бойынша облыстық юниорлық олимпиадасы туралы  осы  ереже  (бұдан әрі - ереже) физика бойынша облыстық юниорлық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін  (бұдан әрі-Олимпиада), олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету, өткізу және қаржыландыру, Олимпиадаға қатысу, жеңімпаздарды анықтау  және марапаттау тәртібін анықтайды.

    1.2. Олимпиаданың мақсаты физика бойынша Қостанай облысының олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіру болып табылады.

    1.3. Олимпиада міндеттері:

    - жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;

    - ғылыми-зерттеу қызметіне шығармашылық қабілеттерін және қызығушылығын анықтау және дамыту;

    - дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларды жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу.

     

    1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    2.1. Олимпиадаға Қостанай облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, гимназия, лицей, жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары қатысады. 

    2.2. Олимпиада қатысушының қалауы бойынша орыс және қазақ тілінде өткізіледі.

    2.3. Олимпиада бір турдан тұрады.

    2.4. Олимпиада тапсырмаларын  мемелекеттік білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы әзірлейді.

    2.5. Олимпиада уақытында жеке жазбаларды, кез –келген  әдебиеттер, байланыстың мобильді құралдарын қолдануға тыйым салынады.

    2.6. Ережені бұзған қатысушы олимпиададан босатылады.

    2.7. Қостанай облысының әр ауданы құрамы 2 қатысушыдан құралған команданы ұсынады (әр параллелден 1 қатысушы).

    2.8.  Олимпиадаға тіркелу және кіру рұқсаты дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының, аудан және қала әкімдіктері білім бөлімдерінің өтінімі негізінде іске асырылады.

             2.9. Өтінімде өңір, қатысушының аты-жөні, мектеп, сынып, тапсырманы орындау тілі, қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні көрсетілуі керек.

             2.10. Өтінімде берілген мәліметтердің  дұрыстығына өңірдің білім бөлімі жауап береді.

     

    3. Олимпиаданың ұйымдастырушылары және қазылар алқасы

    3.1. Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

    3.2. Ұйымдастырушылар өз құзыреті шегінде:

    -    Олимпиаданы өткізу мерзімін, тәртібін, орнын үйлестіреді

    - жоғары оқу орындарының ғалымдары, облыстың жалпы білім беретін мектептерінен және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің мұғалімдері  қатарынан қазылар алқасының құрамын құрастырады.

    - олимпиаданы өткізу кезінде туындаған тартысты жағдайларды қарастырады

    -  тапсырма материалдарын және баға критерийн әзірлейді

    -   жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін бекітеді

    -  Олимпиада тапсырмаларының шешімін жариялайды және Олимпиада туралы ережеге сәйкес басқа да функцияларды іске асырады.

     

    4. Олимпиаданы қорытындылау

    4.1. Олимпиада қатысушылары қатысу серификатын алады.

    4.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ  дәрежелі дипломмен марапатталады.

    4.3. Олимпиаданың барлық қатысушылар қорытындысы «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтына шығарылады.

     

    5. Олимпаданы қаржылық қамтамасыз ету

    5.1 Олимпиаданы қаржылай  қамтамасыз ету қол жетімді қаржылық ресурстар  шеңберінде іске асырылады.

    5.2. Олимпиадаға қатысуға төлем өндіруге жол берлмейді.