«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізу ережесі
Жалпы ережелер
1. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын(бұдан әрі - конкурс) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) өткізеді.
2. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіруді насихаттауға арналған.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
3. Конкурстың мақсаты пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
4. Конкурстың міндеттері:
- зерттеуші-педагогтың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау
- оқыту практикасында өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;
- шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісу.
Конкурсқа қатысушылар
5. Конкурсқа педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес білім беру ұйымдарының, республикалық мектептер, халықаралық мектептер, «НЗМ» ААҚ педагог қызметкерлері, бала-бақша тәрбиешілері, оқу-әдістемелік орталықтарының, қосымша білім беру орталықтарының әдіскерлері қатыса алады. Командалық жобалар қарастырылмайды. Алдыңғы жылдары қорғалған жобалар конкурсқа жіберілмейді.
6. Сайыскерлерді республикалық конкурсқа:
- мектептің педагогикалық ұжымы (мамандандырылған білім беру ұйымдарының);
- облыстық білім басқармалары, "Дарын" аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары, облыстық оқу-әдістемелік орталықтары, "НЗМ" ААҚ басқармасы ұсына алады.
Конкурстың мазмұны мен өткізу нысандары
7. Конкурсқа авторлық бағдарламалар ұсынылады: элективті курстар, қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар.
8. Авторлық бағдарламаның элементтері:
- бастапқы бет;
- рецензия (кемінде 3 рецензия (ғылыми қызметкердің, практик-мұғалімнің);
- түсіндірме жазба;
- оқу-тақырыптық жоспар;
- авторлық бағдарламаның мазмұны;
- авторлық бағдарлама;
- әдістемелік сүйемелдеу.
Бастапқы бет:
- заңды құжатына сай білім беру ұйымының атауы;
- тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес), бағдарлама авторының қызметі;
- авторлық бағдарламаның атауы;
- авторлық бағдарламаны әзірленген жылы.
Бағдарламаның түсіндірме жазбасы:
- бағыты;
- өзектілігі, жаңалығы, педагогикалық мақсаттылығы;
- мақсаты мен міндеті;
- ерекшелігі;
- күтілетін нәтижелері және оларды тексеру әдістері.
Авторлық бағдарламаның мазмұны:
Авторлық бағдарламаның мазмұны: оқу-тақырыптық жоспар, бөлімдердің тізілімі, тақырыптар; теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінген әрбір тақырыпқа арналған сағаттар саны.
Авторлық бағдарламалардың мазмұны тақырыпты қысқаша баяндау арқылы ашылады (теория және практика).
Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі:
- сипаттамасы;
- тақырып бойынша жоспарланған сабақ түрлері (ойын, саяхат, конкурс, конференция т.б.);
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық материалдар, сабақтың техникалық жабдықталуы;
- әр тақырып немесе бөлімнен кейін қорытындысын шығару түрлері;
9. Материалдар қағаз және электрондық тасымалдаушылармен тапсырылуы керек.
Жоба жазуға қойылатын талап:
- форматы – А4, текстік редакторы - MS Word; шрифтісі - Times New Roman, шрифтің -өлшемі -14, шет сызығы – 2 см. Барлық жағынан, жол аралық интервал – 1-1,5, бағыты кітапша, тасымалсыз.
10. Конкурсты өткізудің кезеңдері мен мерзімдері белгіленді:
I кезең - барлық білім беру ұйымдарында (мамыр айы);
II кезең - облыстық (маусым-шілде айлары);
III кезең – республикалық (қыркүйек, қараша айлары).
11. Республикалық конкурсқа ұсынылған жобаларға сараптама жасау жыл сайын қыркүйек айында өтеді.
12. Конкурстың қорытынды ІІІ кезеңі жыл сайын қараша айында өтеді.
13. Тиісті әкімшіліктер, білім беруді басқару органдары, біліктілікті арттыру институттары, демеушілер конкурстың құрылтайшылары бола алады.
14. Конкурстың I және II кезеңдері жергілікті жерде белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
15. Конкурсқа әрбір аймақтан облыстық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің әр түрлі пәндерден жобаларыжіберіледі.
16. Конкурсқа қатысушылардың іс-сапар шығыстары тиісті білім беруді басқару органдарына, білім беру ұйымдарына, демеушілерге жүктеледі.
Ұйымдастыру комитеті
17. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның міндеттеріне барлық аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің қызметтерін үйлестіру, конкурсқа ұсынылған материалдарды бағалау өлшемдерін әзірлеу кіреді.
18. Ұйымдастыру комитеті конкурсты өткізу тәртібін, нысандарын, орны мен өткізу мерзімін анықтайды, қатысушылар тізімін және қазылар алқасының құрамын бекітеді.
19. Ұйымдастыру комитетінің құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» РҒПО өкілдері кіреді.
20. Ұйымдастыру комитетінің шешімі тізімдік құрамының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептелінеді.
21. Ұйымдастыру комитетінің шешімі төраға мен хатшының қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.
Конкурстың қазылар алқасы
22. Әрбір кезеңде қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс істеу тәртібін жергілікті жердегі ұйымдастырушылар бекітеді.
23. Еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық ЖОО, әдістемелік орталықтардың қызметкерлері, өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері Конкурстың қазылар алқасының мүшелері бола алады.
24. Қазылар алқасы Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға авторлық жобалардың өлшемдеріне (критерий) байланысты сараптама (экспертиза) жасайды: педагогикалық мақсаттылығы, мақсаты мен міндеті, өзектілігі, жаңалығы, авторлық бағдарламаның ерекшелігі, күтілетін нәтижесі мен оларды тексеру нәтижесі.
Ұйымдастыру комитетіне құжаттар ұсыну тәртібі
25. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш қалған құжаттар тіркеуге алынбайды.
26. Конкурсқа қатысу үшін:
1) тіркеу формасына сәйкес қатысушы туралы мәліметтерді көрсете отырып облыстық Білім Басқармасы, «НЗМ» ААҚ басқармасымен бекітілген сұраныс ұсынылады.
2) Конкурс материалдары (қағаз және электрондық нұсқада).
26. Құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде «Дарын» РҒПО-на ұсынылады. Материалдар қайтарылмайды.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
27. Қазылар алқасы үздік жобаларды анықтайды:
I орын - 1 авторлық жоба;
II орын -2 авторлық жоба;
III орын - 3 авторлық жоба.
28. Жүлделі орындар алған жеңімпаздар (білім беру және ғылыми ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем емес) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталып, жұмыстары практикаға енгізуге ұсынылады.
29. Конкурсқа қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның сертификаттары табысталады.
30. Конкурс құрылтайшылары, демеушілер мен басқа да ұйымдар конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарына жеке өзіндік сыйлықтар табыс ете алады.