2025 жылғы 19-21 қарашада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласы білім басқармасының «И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ базасында «Оқушыларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өткізді.
Семинарға Қостанай облысынан қатысқан мұғалімдер: Аманбаева Жулдыз Кушекбаевна, «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Кальжанова Айгуль Мирасовна, «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ, Кенжеғали Сымбат Кенжеғалиқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ және Смагулова Гульжазира Гинятовна, «Рудный қаласы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Семинар аясында оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау әдістемелерін жетілдіруге және оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың практикалық мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған шеберлік сыныптары өткізілді.
Республикалық іс-шара педагогтерге кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге және жұмыс үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.




