Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізетіні туралы хабарлайды. Қатысушыларға алты номинация бойынша өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беріледі: шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы.
Қатысуға өтінімдер білім бөлімдерінен 2025 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.
Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және байқауға қатысуға шақырамыз!