М.Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Міржақып Дулатұлы – ұлт мақтанышы» конкурсы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 27 қараша күні көрнекті жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Міржақып Дулатұлы-ұлт мақтанышы» атты қашықтықтан конкурс өткізеді.

    Конкурсқа ауылдық жерлерде тұратын, қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары шақырылады.

    Конкурс Міржақып Дулатұлының өмірбаяны мен шығармашылық мұрасына қызығушылықты арттыруға, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған.

    Конкурс туралы ереже аудандардың білім бөлімдеріне жолданды.