14 қарашада Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтті.
Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
Олимпиаданың мақсаты: қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар талантты жастарды анықтау, сондай-ақ оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және дәріптеу.
Аудандық/қалалық кезеңге мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 313 оқушы қатысты. Екінші тур 1 сағатқа есептелген тест түріндегі тапсырмалардан тұрды.
Ережеге сәйкес, облыстық кезеңге 2 турдың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 30 оқушы жіберілді. Олар – 8 өңірдің (Қостанай, Рудный ққ., Амангелді, Денисов, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары) оқушылары.
Облыстық кезең а.ж. 15 желтоқсанда өтеді.




