«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аудандық/қалалық кезеңі өтті

Дата:
24.10.2025

2025 жылдың 22 қазанында 11-сынып оқушыларына арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аудандық/қалалық кезеңі өтті.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жобасы – «Хабар» агенттігінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан, өз білімін кеңейтіп, зияткерлік ортада өзін көрсеткісі келетін оқушыларға арналған беделді зияткерлік алаңдардың бірі.

Биыл Қостанай облысы бойынша бұл жобаға 15 аудан мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 212 оқушы қатысты. Қатысушылар шығармашылық ойлау қабілеттерін танытып, ғылым, өнер, музыка және спорт салаларындағы білімдерін көрсетті.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі 2026 жылдың 5 ақпанында өтеді.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» – қазақстандық жастарды шабыттандыратын, біріктіретін және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жоба.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері, білімге деген құштарлықтары және өздеріне деген сенімділіктері үшін ризашылығымызды білдіреміз!