2025 жылғы 7 қарашада 9–11(12) сынып оқушылары арасында сыни ойлау және философия пәні бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтті. Олимпиада ағылшын тілінде тест түрінде өткізілді. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт берілді.
Олимпиаданы өткізудің мақсаты — Қазақстан Республикасында философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың сыни ойлау қабілетін және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңіне облыстың 81 білім беру ұйымынан 221 оқушы қатысты, оның ішінде:
• 9-сыныптан – 81 оқушы,
• 10-сыныптан – 71 оқушы,
• 11-сыныптан – 69 оқушы.
Аудандық/қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша Қостанай облысының 82 оқушысы облыстық кезеңге қатысуға іріктелді.




