Бастауыш сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен олимпиадасы

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасын іске асыру аясында оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, балалардың білім деңгейін халықаралық стандарттармен сәйкестендіру мақсатында 2019 жылдың 14 желтоқсанында «Ақ Нұр плюс» жеке меншік мектебі базасында бастауыш сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 16 өңірінен 2-4 сынып оқушылары қатысты. Денисов, Жангелді, Қарасу аудандары мен Арқалық қаласы қатысқан жоқ.

    Олимпиада тыңдалым (мәтінді түсіну) және лексика-грамматикалық тест тапсырмаларынан тұрды.

    Сонымен қатар, қатысушылар қызықты квестке қатысты.

    Олимпиаданың жүлдегерлері 36 оқушы болды: 7 оқушы -2 сыныптан, 13 оқушы -3 сыныптан, 16 оқушы — 4 сыныптан.  Бірінші орынды 12 қатысушы жеңіп алды, екінші орынды 8 қатысушы және үшінші орынды 16 қатысушы иеленді.

    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды (үстел ойындары), ал қатысушыларға сертификаттар мен кеңсе керек-жарақтары берілді.