Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындары
3 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталады, ол биыл Тараз, Шымкент және Петропавл қалаларында өтеді.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, неміс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың 14 қатысушысы үшін оқу-жаттығу жиындары 2026 жылдың 26 наурызында басталды.
5 күн ішінде Қамысты, Қостанай, Сарыкөл аудандарынан, Қостанай, Рудный қалаларынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан олимпиадалық команданың қатысушылары пән бойынша теориялық және практикалық дағдыларды шыңдай отырып, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жаттығатын болады.
Олимпиадаға қатысушылар үшін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сабақтар аралас форматта өтеді.
Жиындар а.ж. 1 сәуірде аяқталады.