«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтетінін хабарлайды.
Байқау оқушылардың Әбіш Кекілбаев шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық әлеуетін, сөз мәдениетін, эстетикалық талғамын дамытуға, сондай-ақ дарынды әрі талантты жастарды анықтауға бағытталған.
Облыстық кезеңге қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 13 наурызға дейін білім бөлімдерінен қабылданады. Байқау ережесі білім бөлімдеріне жолданды.
Жас дарындарды өз қабілеттерін көрсетуге және байқауға белсене қатысуға шақырамыз!