«Ұстаз - ұлы есім» жинағына мақалалар қабылдау

    «Қостанай дарыны» өңірлік  оқу-әдістемелік орталығы «Ұстаз - ұлы есім» жинақтар сериясын шығаруды жалғастыруда. Білім беру жүйесінің дамуына баға жетпес үлес қосқан, олимпиадалардың жеңімпаздарын, чемпиондарды, түрлі жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарын тәрбиелеген Қостанай облысының көрнекті педагогтері туралы мақалалар қабылданады.

    Мақалалар тегін жарияланады. Мақаланы редакциялық алқа мүшелері мақұлдамаса немесе грамматикалық және стилистикалық қателері болса, мәтіннің бірегейлігінің пайызы төмен болса, оны  жариялаудан бас тартуға құқылы. Қажетті мәтіннің бірегейлігі - 50% (әдебиеттер тізімін қоспағанда). Талаптарға сәйкес ресімделген материалдарды 2026 жылдың 10 наурызына дейін «Ұстаз - ұлы есім» жинағына мақала белгісімен daryn.omo@mail.ru. e-mail-на жіберу қажет.

    Жариялауға қойылатын талаптар //kostdaryn.edu.kz/. сайтында жарияланды.

     

    Требования к публикации